Б. Сағынтаевтың басшылығымен әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы өтті

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен әлеуметтік әріптестік,

Б. Сағынтаевтың басшылығымен әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы өтті

әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Өңірлік даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия жұмысына ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Кәсіподақтары федерациясының басшылары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысты.

Талқылау барысында «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңының жобасы, жұмыс берушілердің ерікті декларациялау тәжірибесіне енгізілуде олардың қызметтерінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келуі бойынша ұсыныстар, сонымен қатар Бас келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2012-2014 жылдарға арналған республикалық жұмыскерлер және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы толықтырулар қарастырылды.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасы Қазақстандағы кәсіподақтардың қызметтерін жақсартуға бағытталғанын атап көрсетті.

«Кәсіподақ туралы жаңа заң кәсіподақ қозғалысының тік моделін құру үшін құқықтық негіз құрады және кәсіподақ мүшелігінің әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейдегі ынталандыруды күшейтеді деп санаймыз», -деді бірінші вице-премьер.

Комиссия жұмыс берушілердің қызметін ерікті декларациялауға ҚР еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес сенім сертификаты негізінде енгізуді қолдайды. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл тексерулердің санын азайтуға, сонымен қатар, ерікті жұмыс берушілердің имиджін көтеруге мүмкіндік береді.

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі, республикалық жұмыскерлер және жұмыс берушілер бірлестіктері арасында Бас келісімге өзгертулер енгізілді. Атап айтқанда, салалық және өңірлік келісімдер мен ұжымдық келісімшарттарда жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын сақтап қалу, 50 жастан асқан адамдарға лайықты еңбек жағдайларын жасау және олардың біліктілігін және ұтқырлығын арттыру жөнінде бағдарламаларды қабылдау бойынша ережелерді бекітуге бағытталған шаралар туралы айтылып отыр.