Б.Сапарбаев балалар мен жастар үшін спорттық нысандардың тарифін қайта қарастыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балалар мен жастар үшін спорттық және мәдени нысандардың тарифін қайта қарастыру керек. Бұл тапсырманы бүгін елорда әкімдігінде тұрғындардың әлеуметтік әлеуеті мәселесіне арналған кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жүктеді.
None
None

«Соңғы жылдары Президенттің тапсырмасы бойынша бірқатар әлеуметтік нысандар салынды. Олардың арасында Ұлттық музей, кітапхана, велотрек, стадиондар және басқа да маңызды нысандар пайдалануға берілді. Енді негізгі мақсат - министрліктермен бірлесе спорттық және мәдени нысандардың қызметтерімен барша халықты кеңінен қамтып, қолжетімділікті қамтамасыз ету. Әсіресе, бұл тұрғыда балалар мен жастарға қолжетімді болуы тиіс», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Осы орайда Б.Сапарбаев осы нысандарға барудың тиімді кестесін әзірлеуді және аталған санаттағылар үшін тарифтерді қайта қарастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар