Б.Сапарбаев: Биыл халықтың аз қамтылған тобына 11 млрд. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл халықтың аз қамтылған тобына 11 млрд. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Б.Сапарбаев: Биыл халықтың аз қамтылған тобына 11 млрд. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетіледі

«Былтырғы жылы жалақы қарызы 1 млрд. теңге болса, биыл оның көлемі 109 млн. теңгені құрады. Бұл мәселеде бойынша да біз прокуратура, басқа да құқық қорғау органдармен бірлесіп, жұмыс жүргізудеміз», - деді ол.

Сонымен қатар ол халықтың осал тұсына әлеуметтік көрсету Үкімет тарабынан жалғаса беретіндігін баса атап өтті. «Биылғы жылы осы топқа ең кемінде 11 млрд. теңгенің көмегі көрсетіледі», - деді Б.Сапарбаев.