15:23, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Б. Сапарбаев облыс әкімдерінен еңбек рыногындағы жағдайды тұрақтандыратын карталарын арнайы жұмыс тобына тездетіп ұсынуларын сұрады
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев облыс әкімдерінен дағдарыс кезінде еңбек рыногындағы жағдайды тұрақтандыратын өңірлердің картасын үкіметтік деңгейдегі арнайы жұмыс тобына дер кезінде ұсынуларын сұрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Б. Сапарбаевтың айтуынша, өңірлердің мұндай карталары нақты болуы тиіс, оларда ең алдымен өндіріс көлемінің қысқаруы, жұмыстан босатылған адамдардың саны және оларды алдағы уақытта жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі ескерілуі қажет. «Республика бойынша ортақ картаны жасау үшін өңірлердің картасын жұмыс тобына дер кезінде берсеңіздер жақсы болар еді», - деді Б. Сапарбаев әкімдерге қаратып айтқан сөзінде.