Б. Сапарбаев телерадиокомпаниялардан тілдер туралы заңды қатаң сақтауды талап етті
Рrimeminister.kz хабарлағандай, мәжіліс барысында ҚР заңнамаларын бұзушылық, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарды бұзушылық фактілері қаралды.
Сонымен ҚР-дағы Тілдер туралы заңға сәйкес уақыт бойынша мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламалар басқа тілдердегі теле-радио бағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс. Алайда, Б. Сапарбаев мониторинг барысында телерадио компаниялары тарапынан бұл талаптарды сақтамау фактілері анықталған, яғни олар белгіленген нормаларды бұзған.
Премьер-Министрдің орынбасары телерадиокомпаниядан тіл саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын қатаң орындауды талап етіп, алдағы уақытта мұндай бұзушылыққа жол бермеу қажеттігін ескертті. Осыған байланысты вице-премьер меморгандарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.