Б.Шүменовтың ұлыбританиялық Н.Клеварлиге Лас-Вегаста жекпе-жек өткізу ұсынысы өз күшінде
Бұған дейін 23 кездесу өткізіп, бірде-бір жеңілістің ащы дәмін татпаған Натан 23 ақпанда чемпиондық атағын қорғауы тиіс болатын. Оның қарсыласы американдық Томми Карпенси болмақ. Бұған дейін 21 кездесу өткізген ол, 14-ін нокаутпен ұтты, екеуінде жеңіліп, біреуінде тең түскен еді. Бұл боксшы WBO ретингінде - 11, WBA рейтингінде - 12-орында тұр. Ал 12 кездесудің 10-ын нокаутпен аяқтап, біреуінде ғана жеңіліс тапқан ІBA және WBA чемпионы Бейбіт Шүменов, Н.Клеварлиге өз ұсынысын өткен жылы қарашада жолдаған болатын. Алайда, жақында, ұлыбританиялық аталмыш боксшының командасы Б.Шүменов оларға бұл кездесуге дайындалып үлгермегендігін айтты деп мәлімдеме жасады. Оны Бейбіт Шүменов пен оның кеңесшісі Дон Чарджин жоққа шығарып, өздерінің кездесуге дайын екендіктерін жария етті.
1987 жылы 17 ақпанда Сарфиллиде (Caerphilly) өмірге келген Натан Клеварли кәсіпқой бокстағы 23 жекпе-жектің 11-ін мерзімінен бұрын (нокаутпен) аяқтаған болатын. Ол соңғы рет өз атағын 2011 жылы 15 қазанда Ұлыбританияның Ливерпул қаласында қорғады. Онда ол бұған дейін 16 кездесу өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіліс тапқан (10 нокаутпен аяқтаған) Тони Бэльюді ұтты.