Б.Сұлтанов: Квазимемлекеттік сектор қарыздарын басқарудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік сектор қарыздарын басқарудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

«Қаржы секторын тұрақтандыру» бөлігінде Қаржы министрлігіне квазимемлекеттік сектордың шетел валютасында займ алуына шектеу бойынша тармақ бекітілген. Қазіргі заманауи экономикалық шынайы жағдайда мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қарызын бақылау қажеттігі туындауда», - деді ол.

Б.Сұлтановтың атап өтуінше, жоғары қарыз жүктемесінен және соған сәйкес кредиттік рейтингтердің төмендеу тәуекелінің артуынан жалтару үшін экономикалық тиімділік бермейтін жобаларға займ тартуды шектеу қажет. Ал ұлттық компаниялардың займ тарту бағдарламасы Үкіметтің мемлекеттік қарыздарды басқару жөніндегі жалпы саясатымен нақты байланыста болу тиіс.

«Осыған байланысты таяу аралықта Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, квазимемлекеттік сектордың қарыздарын басқарудың жаңа тұжырымдамасын әзірлейтін болады. Ол, бір жағынан қарызды қауіпсіз деңгейде ұстауға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, екінші жағынан халықаралық қаржы нарығындағы шоғырландырылған әрі үйлестірілген жұмыстар «Нұрлы жол» сынды маңызды ұлттық жоспарларды барынша тиімді әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар