Б.Жәмішев «Қазақстан Даму Банкі» Басқарма төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев «Қазақстан Даму Банкі» АҚ ұжымына жаңа басшы - бұған дейін Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрі болып келген Болат Жәмішевті таныстырды, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ баспасөз қызметінен.

Б.Жәмішев «Қазақстан Даму Банкі» Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Болат Жәмішевтің кандидатурасы Қазақстан Даму Банкінің директорлар Кеңесі отырысында мақұлданды. Айта кетейік, Қазақстан Даму Банкіндегі кадрлық өзгерістер 2014 жылғы 6 тамыз күні өткен мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудан кейін басталды. Даму Банкі - мемлекеттің шешуші даму институты және елдегі инвестициялық және несиелік қызметте маңызды орын алады.