Б. Жәмішев «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының ашықтығын арттыруды ұсынды
«Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, бағдарламаның ашықтығын жоғарылату бойынша қосымша шараларды қабылдауды қажет деп санаймыз. Бірінші кезекте, әкімдіктермен бірлесе бағдарламаның ережесін түсіндіру бойынша халықпен тұрақты жұмысты реттеу керек. Бұл мәселелер бойынша кейбір аяқталмаған шаралар бар»,-деді министр. Оның пайымынша, бағдарламада қарастырылған ережелер мен тәртіптерді ұдайы жетілдіріп, іріктеукерек. Бұл тұрғыда қаржылық жағдайды жеңілдету мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі», Қазақстандық ипотекалық компаниясы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша баспананы сату тетіктерін жетілдіру қаралып отыр. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану негізінде құрылыстың өзіндік құнын төмендету шаралары қабылдануда.