Б. Жапаров ҚР Президенті мұрағатының директоры қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Борис Әлікенұлы Жапаров Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры қызметіне тағайындалды.

Б. Жапаров  ҚР Президенті мұрағатының директоры қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Елбасының Өкімімен Владимир Николаевич Шепель Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры қызметінен босатылды.