Б.Жүкембаев кәсіби бокстағы алғашқы жекпе жегін жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыржан Жүкембаев кәсіби рингте алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлады sports.kz.
13-іне 14 мамырға қараған түні Монреалда (Канада) 25 жастағы Батыржан Жүкембаев Польшадан шыққан қарсыласы Камил Выбранецті бірінші раундта нокаутқа жіберді.