Б.Жұмағұлов: Мемлекет саясатындағы басты бағыттардың бірі - педагогтардың мәртебесін көтеру

Сондықтан мемлекет саясатындағы басты бағыттардың бірі - педагогтардың мәртебесін көтеру», - деп мәлімдеді бүгін Алматыда педагогикалық еңбек ардагерлерін ресми қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
«Біз тәрбие және білім беру үдерістеріне әлемдегі үздік тәжірибенің барлығын алдық. Біз Назарбаев Университетін, Назарбаев Зияткерлік мектептерін құрдық, сонда тек қана оқушыларды, болашақ қызметкерлерді оқытып қана қоймай, қазақстандық мұғалімдерді қайта оқытудамыз», - деп қосиы Б.Жұмағұлов. Ол сондай-ақ соңғы екі жылда білім беру жүйесінің қаржыландырылуы 500 млрд. теңгеге өскенін атап өтті.
«Бұл қомақты қаражат Қазақстан Республикасының болашағын дайындауға жіберілуде, өйткені кез келген ел өзінің өскелең ұрпағын қамқорлығына алуы керек», - деп мәлімдеді министр.
Ресми қабылдауға педагогикалық еңбек ардагерлері, республиканың еңбегі сіңген мұғалімдері, жас педагогтар, сондай-ақ ҚР БҒМ-нің өкілдері қатысты.