Б. Жылқышиев Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы болып сайланды

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Сенатор Болат Жылқышиев ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы болып сайланды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары осыған байланысты арнайы қаулы қабылдады,

Б. Жылқышиев Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы болып сайланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Б. Жылқышиев 1957 жылғы 17 қыркүйекте туған, білімі жоғары. Қазақтың химия-технология институтын, Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін бітірген. Ол Тараз қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің Департамент бастығы, Кентау және Шымкент қалаларының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ вице-президенті болып қызмет істеген.

III дәрежелі «Барыс» орденімен, төрт медальмен марапатталған.

Сенат депутаттығына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған болатын.