21:54, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
БАӘ Әмірлік әйелдері күнін мерекелеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде Әмірлік әйелдері күні атап өтілуде. Биыл елде «ұлт жауапкершілігін өз иықтарына алу үшін жайлылық пен әдеміліктен бас тартқан» әскери қызметтегі әйелдерге құрмет көрсетіледі.

Бұдан басқа, әскери іс-қимылдар кезінде қаза болғандардың аналарына құрмет көрсету жоспарланып отыр.
БАӘ-де бұл мереке әмірлік әйелдерінің ел дамуындағы рөлін мойындау үшін құрылған.