Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БАӘ Ауғанстандағы елшісі Қандағардағы терактіде жараланды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Ауғанстандағы елшісі мен Қандағар провинциясының губернаторы сейсенбі күні болған терактіде жарақаттанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

БАӘ Ауғанстандағы елшісі Қандағардағы терактіде жараланды

БАӘ Сырты істер министрлігі аталған хабарды растады және елші Әл Каабидің Қандағарда БАӘ Ауғанстан халқына көмегі бағдарламасы аясында гуманитарлық миссиямен жүргенін атап өтті.

 «Елші Әл Кааби Кардан университетімен өзара түсіністік туралы меморандумге қол қою үшін және Халифа бен Зайед Әл Нахайян қорының стипендиясымен қолдау көрсету үшін барған», - делінген Ауғанстан СІМ мәлімдемесінде.

Лаңкестер провинция губернаторының БАӘ дипломаттарын қабылдаған қонақ күту үйіне шабуыл жасады. Ауғандық БАҚ шабуылдан ең кемі тоғыз адамның мерт болғанын хабарлады.