БАӘ-де 168 ел жаңартылатын энергия көздері мәселесін талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан ұзақ мерзімді перспективада энергия көздерін әртараптандыратын болады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Әбу-Даби қаласында өткен IRENA ассамблеясының ХІІІ сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық агенттік (IRENA) ассамблеясының сессиясында жаңартылатын энергия көздері мәселесі талқыланды. Оған 168 елдің делегаттары қатысты.

Ассамблеяның пленарлық сессиясында баяндама жасай отырып, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамытуға үлкен көңіл бөлетінін, 2060 жылға қарай көміртекті бейтарап ел болуға ұмтылатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына, Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындауға міндеттенеді және ұзақ мерзімді перспективада энергия көздерін әртараптандыратын болады.

Форум жұмысына қатысу аясында қазақстандық делегация IRENA басшылығымен екіжақты кездесу өткізді. Оның барысында Қазақстанда Орталық Азия елдері бойынша семинар ұйымдастыру туралы мәселе талқыланды. Семинар көрші елдердің энергетикалық ауысуды жеделдету және өңірдің ауқымды жаңартылатын ресурстарын пайдалану жөніндегі бірлескен күш-жігеріне арналған.


Фото: :gov.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram