14:01, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
БАӘ-де әйелдерге көлікте келе жатып шаштарын түзеуге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - БАӘ-де жүргізуші әйелдерге көлікті басқарып келе жатып боянуға және шаштарын түзеуге тыйым салынды. Заңды бұзғандарға 1 мың дирхам (шамамен $272) айыппұл салынады.

Мұндай әрекет жолда қауіп төндіреді деп бағаланады. Осындай жағдайда полиция айыппұл салумен қатар, көлікті бір айға тартып алуға құқығы бар.
«Рөлде отырып бояну - телефон пайдаланудан әлдеқайда қауіпті», - дейді Дубайдағы полициядағы көлік департаменті директорының орынбасары Саиф Мухейр Аль Мазруи.