БАӘ-де «Ид әл-Адха» мерекесі қарсаңында түрмеде отырған 300-ден астам адам бостандыққа жіберіледі

ӘБУ-ДАБИ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Дубай әмірлігінің қылмыстық және түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан 346 адамға рақымшылық жарияланды және олар таяуда елдің вице-президенті, Дубай басшысы шейх Мұхаммед бин Рашид Аль Мактумның шешімімен бостандыққа шығарылады.
None
None

Рақымшылық алда болатын мұсылмандардың «Ид әл-Адха» мерекесіне орай жарияланып отыр. Дубайдың бас прокуроры Эссам Исса Аль Хумайдан шейх Мұхаммедтің бұйрығын орындау мақсатында прокуратура әмірлік полициясының бас қолбасшысымен ынтымақтастыққа қажетті құқықтық шараларды 14 қазандағы мерекеге дейін өткізетінін хабарлады.

Дубайдың бас прокуроры шейх Мұхаммед бин Рашид Аль Мактумға «жергілікті және халықаралық деңгейде гуманитарлық жағдайға көрсетіп отырған қамқорлығы мен көңіліне» алғысын білдірді.

Соңғы кездері БАӘ шетелдіктерге қолданатын жазалау жүйесін жұмсартты. Яғни, бас бостандығынан айырылған шетелдік қылмыскерлер жазаларын сәл өтегеннен кейін, Әмірлікке өмір бойы келмеу туралы шешімімен өз отандарына депортацияланады.

Соңғы жаңалықтар