БАӘ-де қар сатылып жатыр

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Араб Әмірлігінде көптеген балалар нағыз қарды ешқашан көрмеген. Қар болмағаннан кейін мерекелік көңіл күйді қалыптастыру өте қиын. БАӘ-де қыста ауаның температурасы негізінен +20° С -дан суық болмайды. Сондықтан да мұнда қар жақсы сатылады, оған деген сұраныс жоғары, деп жазады segodnya.ua.

БАӘ-де қар сатылып жатыр

Қар әсерін қалыптастыруға Desert Snowкомпаниясы маманданған, олар тілек білдіргендерің аулаларын жасанды қармен себелейді. Компанияның 40 қар төсейтін машинасы, аққалалары және жасанды шыршалардан тұратын бүтіндей бір орманы бар.

Бақ ішінде қалыңдығы 5 см болатын қар жамылғысын жасау 5 шаршы метр жер үшін шамамен 1400 АҚШ долларын құрайды. Алайда ыстық әмірліктің тұрғындары мұндай рахатқа бөлену үшін ақшаны аямайды. Себебі жергілікті балалардың көбі ешқашан нағыз қарды көрмеген.

Желтоқсан айы басталғалы компания 3,75 тонна қар сатқан көрінеді.