БАӘ-де коронавирус жұқтырғандар саны 59-ға жетті
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бүгін БАӘ-де коронавирусты жұқтырудың жаңа 14 оқиғасы тіркеліп, вируспен ауырғандар саны 59 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат WAM агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
БАӘ Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада коронавирусты жаңадан жұқтырғандар арасында Италия, Бангладеш, Непал, Ресей, Үнлістан және Сирия елдерінің азаматтары бар.
Бұл жағдайлар бұрын ауырған адамдармен байланыста болған адамдарды тексеру барсында анықталған.