БАӘ-де қырғыз азаматшасын тонады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды - СІМ

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде қырғыз азаматшасын тонады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен дәстүрлі брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. «Қазақстан азаматтары БАӘ-де қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Қырғызстан азаматшасына қатысты залал мөлшері 350 мың долларды құрайды», - дейді ресми өкіл. Оның айтуынша, аталған мәселе бойынша еліміздің Сыртқы істер министрлігі тиісті сұрау жасаған. «Дубай құқық қорғау органдары тарапынан бұл мәселе расталып отыр», - дейді А. Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар