БАӘ-де қызмет саласындағы мекемелер араб тілін білуге міндетті болды

None
None
None

The Gulf News газеті хабарлағандай, жаңа жылдан бастап араб тілін білу қызмет көрсету саласындағы мекемелер үшін міндетті болып саналады.

Газет деректері бойынша, жаңа заңға алғаш болып ірі сервис орталықтары ілікті.

«Елде араб тілді қызметкерлерінің жетіспейтіні сезіледі, деп мәлімдеді басылымға берген сұхбатында Экономика министрлігі тұтынушыларды қорғау департаментінің басшысы Хашим аль-Ноэйми. - Сондықтан бастапқы кезеңде ұйымда тым болмағанда, бір адам араб тілін білуі тиіс».

Оның айтуынша, қазіргі кезде сервис орталықтарының 36 пайыздан астамы ағылшын тілінде қызмет көрсетеді. Осыған байланысты БАӘ азаматтарына және басқа араб елдерінен келген қонақтарға лайықты қызмет көрсетілмейді, - деп атап өтті ол.

The Gulf News заңды бұзғандар айыппұл төлейді деп хабарлады.

Соңғы жаңалықтар