БАӘ-де мұнай-газ жобалары талқыланды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Абу-Дабиге (БАӘ) жұмыс сапарымен барып, Abu Dhabi Ports бас директоры Мохамед Джума Аль-Шамсимен кездесті.

БАӘ-де мұнай-газ жобалары талқыланды

Қызмет сапары барысында ҚМГ басшысы 2012 жылы пайдалануға берілген Abu Dhabi Ports компаниясының Khalifa терең теңіз портына, сондай-ақ теңіз операцияларын қолдау базасына барды.

Жиында екі тарап теңіз және жағалаудағы жүк тасымалы, Каспий аймағындағы сауда флотын дамыту және инвестиция тарту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қтар, ҚМГ мен Abu Dhabi Ports Каспий теңізіндегі ірі теңіз мұнай-газ жобаларына қызмет көрсету бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндіктеріне тоқталды. Айта кетейік,

Abu Dhabi Ports – Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіптік және логистикалық операторы. Ол өз аймағындағы негізгі секторларды қамтитын ірі кәсіпорындары бар холдинг саналады. Тек БАӘ мен Гвинеяда 11 порт пен терминалға, 550 шаршы шақырымнан астам өндірістік аймаққа иелік етеді.


АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады