БАӘ-дегі қырғызстандықтар жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында 2025 жылғы 14 сәуірде қол қойылған, жүргізуші куәліктерін емтихан тапсырмай өзара тану және айырбастау туралы келісім бүгін күшіне енді, деп хабарлайды КАВАР.

Көлік құралдарын және жүргізуші құрамын тіркеу жөніндегі мемлекеттік агенттіктің хабарлауынша, енді БАӘ-де заңды тұратын Қырғыз Республикасының азаматтары ұлттық жүргізуші куәліктерін қосымша оқу мен емтихан тапсырмай БАӘ куәліктеріне айырбастай алады.
Сол сияқты Қырғызстанда жүрген БАӘ азаматтарына да осындай мүмкіндік беріледі.
Бұл келісімнің мақсаты — азаматтардың қозғалысын жеңілдету, екі елдің мемлекеттік құрылымдары арасында сенімді нығайту және көлік пен жол қауіпсіздігі саласында ынтымақтастықты дамыту.
Айырбастау үшін қажетті құжаттар:
- БАӘ-дегі Қырғызстан азаматтары үшін:
- ҚР азаматының төлқұжаты;
- БАӘ-де тұруға рұқсаттың қолданыстағы құжаты;
- Ұлттық жүргізуші куәлігі;
- Медициналық анықтама.
- Қырғызстандағы БАӘ азаматтары үшін:
- БАӘ азаматының төлқұжаты;
- ҚР-да тұруға рұқсат;
- Ұлттық жүргізуші куәлігі;
- У-083 нысанындағы медициналық анықтама.
Ескере кететін жайт айырбастау кезінде ұлттық жүргізуші куәліктерінің түпнұсқалары алынбайды. Қосымша ақпаратты Қырғызстан мен БАӘ-нің консулдық мекемелерінен алуға болады.
Бұған дейін Қырғызстан цемент импортына салынған тыйымды алып тастағаны хабарланды.