БАӘ екпе салдыртпаған тұрғындарға енді саяхаттауға рұқсат береді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің екпе алмаған тұрғындарына 19 сәуірден бастап елден тыс жерлерге шығуға рұқсат етіледі. Ол үшін ел азаматтары ПТР тестінің теріс нәтижесін алып, статусын «жасылға» ауыстыру үшін Al-Hosn қосымшасында шетелге шығу өтінімін толтыруы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат Gulf News-қа сілтеме жасап.
None
None


Жаңартылған ережелер туралы ел үкіметінің COVID-19 пандемиясы мәселелері бойынша өткізген брифингінде БАӘ Дағдарыс және төтенше жағдайларды басқару ұлттық басқармасының (NCEMA) ресми өкілі доктор Тахер әл-Амери мәлімдеді.
«Жаңа хаттама БАӘ-нің тұрақты қалпына келтіру және қалыпты жағдайға оралу жөніндегі саясатына сәйкес келеді», - деді әл-Амери.
Дегенмен, ол жұртшылықты сапарға дейін және одан кейін барлық жолаушылар үшін қажетті сақтық шараларын қабылдауға үндеді.
Хаттамаға сәйкес, БАӘ-ге келген 16 жасқа толмаған, вакцина алмаған жолаушылар барлық тиісті алдын алу шараларын сақтаған жағдайда, ПТР тестін тапсырудан босатылады.
Соңғы уақытта БАӘ-де COVID-19 инфекциясын жұқтыру оқиғалары санының айтарлықтай төмендеуі байқалды. Бұл - негізінен денсаулық сақтау саласы мен тиісті ұлттық билік органдары жұмысының жемісі.
Our World In Data индексіне сәйкес, бүгінде БАӘ 1 млн астам халқы бар елдер тізімінде коронавирусқа қарсы толық вакцинацина алған елдер қатарында.
Әл-Амери, сондай-ақ елде биылғы 8 наурыздан бері коронавирустан болған өлім жағдайының тіркелмегенін атап өтті. COVID-19 вирусының соңғы статистикасына сәйкес, БАӘ қалпына келтіру кезеңінен өтіп, онда қауіпті инфекция жұқтыру оқиғаларының саны айтарлықтай төмендеген.

Соңғы жаңалықтар