БАӘ ел тәуелсіздігінің 45 жылдығын атап өтуде
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - 2 желтоқсан күні Біріккен Араб Әмірліктері мемлекет болып қалыптасуына 45 жыл толған мерейтойын атап өтуде.
Осыған орай, елде ресми демалыс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1971 жылы 1 желтоқсанда «Келісімшартты Оманның» жеті әмірлігінің алтауы Біріккен Араб Әмірліктері атауымен федерацияның құрылғандығы туралы жария етті. Жетінші әмірлік - Рас-эль-Хайма 1972 жылы қосылды.
Әмірліктерге тәуелсіздіктің берілуі мұнай мен мұнай өнімдері бағасының күрт өсуімен тұспа-тұс келді және осының арқасында жаңа мемлекет экономика мен ішкі саясат саласындағы қадамын нығайтты. Мұнайдан түскен табыстар мен қаражатты өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, білімнің дамуына ақылмен салған БАӘ аз ғана уақытта экономикалық табыстарға қол жеткізді. Туризм мен қаржы саласы да айтарлықтай дамыды.
Өзінің халыққа жолдауында БАӘ президенті шейх Зайед Аль Нахайян елдің 2021 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруда «сенімді қарыштау» барын атап өтті.
«Елдегі әділдікті, қауіпсіздікті, экономиканы, қоршаған ортаны, өмір сүру сапасын, тұрғын үй мен білімді, сондай-ақ денсаулық сақтау және инфрақұрылымды жақсарту үшін түрлі салаларда оң өзгерістерге қол жеткізілді», - деді шейх Халифа.