БАӘ-ге органикалық өнімдерді жеткізуде Қазақстанның әлеуеті зор – Мемлекет басшысы
«Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда бізде зор әлеует бар. БАӘ барлық азық-түлік тұтынудың 85 пайызын импорттайтынын білеміз. Жақында дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық стратегия» қабылданғанын білеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы осы стратегия аясында агроөнеркәсіп кешеніндегі сауданы және тамақ өнімдерін өндіру технологияларын дамыту - маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
«Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның Әмірліктерге органикалық және сапалы өнімдерді жеткізуде аумақтық, технологиялық және логистикалық әлеуеті бар. Осы өнімдерді БАӘ-ге тасымалдау үшін біз Әмірліктерді Қазақстанның тамақ өнімдерін өндіру саласына қаржы салуға шақырамыз. Әмірліктерде азық-түлік тұтыну деңгейінің 12 пайызға артқанын ескере отырып, біздің үкіметіміз бен компанияларымыз Қазақстаннан ұзақмерзімді азық-түлік тасымалын ұйымдастыруды ойластырып жатыр. Бізде үлкен әлеует пен мүмкіндіктер бар», - деп қорытындылады Қазақстан Президенті.