БАӘ-інде қасиетті Рамазан айында азық-түлік бағасын қымбаттатуға тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - БАӘ билігі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында азық-түлік өнімдеріне бағаны ұстап тұрмақ, деп жазады әмірліктегі The National басылымы.
Осылайша, 3500 түрлі өнімнің бағасын көтеруге тыйым салынады. БАЭ-нің экономика министрлігі Рамазан айы уақытында сұраныс арта түсетін күріш, ұн, сүт, май және басқа да азық-түлік өнімдерін өндірушілермен кездесу өткізіп, олардың қоры жеткілікті екендігіне көз жеткізді.
Сауда нүктелерінде өнімдер бағасы тексеріліп отыратын болады. Сонымен қатар аса қажет 4700 түрлі тауарға 70 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылмақ.
Әдетте Рамазан айында БАӘ-інде ірі қайырымдылық шаралар өтеді, онда тегін тамақтандырулар ұйымдастырылып, негізгі тұтынылатын тауарлардың құны төмендетіледі.