БАӘ Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әмірлік тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

БАӘ Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайды

Сұхбат барысында БАӘ Министрі әмірліктердің басшылығы мен халқы атынан Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайтынын жеткізді.

М.Тілеуберді Қазақстан басшылығының халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалыпты тіршілік әрекетін қалпына келтіру жөніндегі шаралары туралы хабардар етті. Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалог пен тығыз байланыстарды қолдауға келісті.