18:17, 06 Маусым 2023 | GMT +5
БАӘ компаниясы Жамбыл облысында жел электр станцияларын салады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков «Masdar» компаниясының Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті. Келіссөз барысында тараптар компанияның Жамбыл облысында жел электр станцияларын салу жоспарын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу соңында тараптар осы жылдың 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумында «Masdar» Қазақстанның мемлекеттік органдары жүзеге асыратын жол картасына қол қояды деген уағдаластыққа қол жеткізді.
Айта кетейік, 2006 жылы құрылған «Masdar» компаниясы жаңартылатын энергия көздері және тұрақты даму саласындағы әлемдік көшбасшы болып саналады.