БАӘ Марсты зерттеуге кірісті

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігі араб елдерінің арасында 2021 жылға қарай Марсқа ұшқышсыз зонд ұшыру бойынша бірінші болып ғарыш жобасын іске қосатындары туралы жариялады.

БАӘ Марсты зерттеуге кірісті

Құрылған БАӘ аэроғарыштық агенттігі мен «Озық ғылым мен технологиялардың Эмират институты» дүйсенбі күні серіктестік туралы келісімге қол қойды. Ол марсты зерттеу бойынша жеті жылдық жобаны қарастырып отыр.

Эмираттық ұшқышсыз кеме 2021 жылы жекелеген планетаға жетіп, топырақ алу және басқа да тәжірибелерді жүргізуі тиіс. Ғалымдар ұшу аппаратының Марсқа жолы 92 миллион шақырым болатынын есептеген.

Ғарыштық мақсаттарын жүзеге асыру үшін Әмірлік бес миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсауды жоспарлап отыр. Осылайша, БАӘ Қызыл планетаны зерттеудің ғарыштық бағдарламасы бар әлемдегі тоғызыншы елге айналады.