БАӘ мен Сирия президенттері екіжақты байланысты нығайту мәселесін талқылады
АСТАНА.KAZINFORM — Сирия басшысы елді қалпына келтіру және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесінде Әмірлік басшысының қолдауына ие болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Сирия президенті Ахмед аш-Шараа жексенбі күні Абу-Дабиге жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед бин Зеид әл-Нахайянмен кездесті. Бұл туралы Сирия басшысының кеңсесі хабарлады.
Аш-Шарааның бұл сапары оның БАӘ президенті қызметіне кіріскеннен бергі алғашқы ресми сапары болды.
Екі ел басшылары өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселені талқылап, аймақтық және халықаралық оқиғалар туралы пікір алмасты, сондай-ақ Сириядағы соңғы оқиғаларға шолу жасады.
Сапарда аш-Шараамен бірге болған Сирияның Сыртқы істер министрі Асад аш-Шайбани делегацияның БАӘ-ге келген фотосын жариялады.
— Біз екі халықтың мүддесі үшін бауырларымызбен байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға тырысамыз, — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Әмірліктер президенті БАӘ-нің Сирияны қалпына келтіру, Сирияның бірлігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау мәселесінде қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды WAM ақпарат агенттігі.
Ол Сирияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі бүкіл аймақ үшін маңызды екенін атап өтті және БАӘ алдағы кезеңде Сирия мен оның халқына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін қайталады.
Сирия Сыртқы істер министрі екі жақтың әсіресе инвестиция, әуе қатынасын қалпына келтіру және барлық салада екіжақты қарым-қатынастарды нығайту салаларында үлкен жетістікке жеткенін айтты.
Бұл аш-Шарааның қаңтарда қызметіне кіріскеннен бері Парсы шығанағы елдеріне жасаған екінші дипломатиялық сапары. Ақпан айында Сауд Арабиясына ресми сапармен барды.
Сирияның жаңа басшылығы көтерілісшілер тобы Хаят Тахрир аш-Шам (ХТШ Қазақстанда тыйым салынған ұйым — ред.) 2024 жылы желтоқсанда Асад режимін құлатқаннан кейін араб және батыс жетекшілерімен қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылды.
Оңтүстік Корея мен Сирия бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан.
Сириядағы қазақстандық бітімгершілік күштері Асад қашқан соң БҰҰ қызметкерлерін эвакуациялады. Сириядан қазақстандық бітімгерлердің алғашқы отряды оралды.
Өткен аптада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Сирияны қалпына келтіруге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.