БАӘ-нің Үкіметі жас жұбайларға үйлену тойларын өткізуге материалдық көмек көрсетуде

ӘБУ-ДАБИ. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде «Неке қоры» мемлекеттік органы қызмет етуде, оның қаражаттары бұл елдің азаматтарына үйлену тойларының шығындарын өтеуге көмектеседі.

БАӘ-нің Үкіметі жас жұбайларға үйлену тойларын өткізуге материалдық көмек көрсетуде

Бірақ, жергілікті «Галф ньюс» басылымының жазуынша, БАӘ-дегі үйлену тойын өткізу шығынға толы шараға айналады, банкетке шамамен 1000 қонақ шақырылады, киімді сатып алып, түрлі ойын-сауықты ұйымдастыруға өте көп ақша жұмсалады.

Мемлекеттік қор жас жұбайларға 1992 жылдан бастап материалдық көмек көрсетуде. Үкіметтік көмектің жалпы сомасы 70 мың дирхамды (шамамен 19 мың АҚШ доллары) құрайды. Бұл ретте көмек сұраушы өзінің төмен табысын - он тоғыз мың дирхамнан аз алатынын дәлелдеуі тиіс. Х.Әл Хасани гранттың үйленушілердің бұл алғашқы некесі, күйеу жігіттің 21 жастан және қалыңдықтың 18 жастан асқан жағдайында ғана берілетінін қосып өтті.