БАӘ ОПЕК-пен келісімге қол қойған елдерді мәмілені жарты жылға ұзартуға шақырды
«Барлық мұнай өндірушілер мәмілені ұзартуға келісуі керек», - деді министр журналистерге. Оның айтуынша, бұл қисынды іс болар еді.
Аль-Мазруи мұнайдың жаһандық қоры екінші жартыжылдықта тұрақтанатынына сенім білдірді.
«Екінші жартыжылдықта сұраныс артып, мұнай өңдеу зауыттары профилактикалық жұмыстарын аяқтайды және мұнай тұтыну жаңарып, қор қысқаратын болады», - деді ол. Министр теңіз танкерлеріндегі қордың таусылып бара жатқанын тілге тиек етті.
Мұнай өндіру туралы келісімге қатысатын ОПЕК елдері мен басқа да мұнай өндіруші елдердің ресми кездесуі 25 мамыр күні Венада өтеді. Мәмілеге ОПЕК-тен 11 ел және 11 тәуелсіз мұнай өндіруші мемлекет қатысады. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында альянс мұнай өндіруді 1,8 млн. баррельге төмендетуге келісті.