Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БАӘ президенті халықты жауын тілеп, дұға етуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) Президенті Мұхаммад Әл-Нахайян барша ел бойынша ерлер, әйелдер, балаларды жауын тілеп, дұға етуге шақырды.

БАӘ президенті халықты жауын тілеп, дұға етуге шақырды

Бұл туралы The National хабарлады.

Басылым атап өткендей, жергілікті фермерлер судың жетіспеуі салдарынан тұқым себе алмай отырғандарын айтып шағымданған. Құрғақшылыққа себеп, олардың пікірінше, жаһандық жылыну.

БАӘ барлық мешіттерінде жаппай дұға оқу сағат 07.30-да басталды. Ол 45 минутқа созылады деп күтілуде.

Әл Нахайян Әбу-Дабиде Үлкен Шейх мешітінде дұғаға қатысып жатқаны атап өтіледі.