БАӘ сириялық босқындарға 60 000 000 доллар бөлетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының сириялық босқындарға 220 млн дирхам (60 млн доллар) мөлшерінде көмек көрсету жөніндегі үндеуін Біріккен Араб Әмірліктері қабылдады, деп хабарлайды muslim.kz.

БАӘ сириялық босқындарға 60 000 000 доллар бөлетін болды

Осы елдің Даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі министрі Лубна бинт Халид әл-Қасымның айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі Сириядағы гуманитарлық апаттың сәл де болса бетін қайтару үшін осындай қадамға барып отыр.

Оның сөзіне қарағанда, 220 млн дирхамның 183 миллионы БҰҰ-ның Сириядағы бағдарламасының жүзеге асырылуына жұмсалады. Ал 37 миллионы Иорданиядағы сириялық босқындарға көмек көрсететін ұйымның аймақтағы жоспары үшін бөлінеді.