Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БАӘ тұрғындарына жабайы аң асырауға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) жануар асырау талаптарын едәуір күшейтті және үй ішінде жабайы аң ұстауға тыйым салды. Бұл туралы Zawya ресурсы хабарлады.

БАӘ тұрғындарына жабайы аң асырауға тыйым салынды

Бұдан былай барыс, гепард сынды өзге де экзотикалық жануарларды тек зообақтар мен ғылыми орталықтарда ұстауға болады. Егер қарапайым тұрғын асырап алар болса, үш мыңнан 136 мың долларға дейін айыппұл төлейді. Жануарды өзге адамдарға айтақтағандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер үй жануарының шабуылынан адам мерт болса, иесі өмір бойы бас бостандығынан айырылады.