БАӘ: түйелер арасында сұлулық сайысы ұйымдастырылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде сұлулық сайысы ұйымдастырылды. Онда әдеттегідей сұлу қыздар емес, өркешті жануарлар сынға түседі.

БАӘ: түйелер арасында сұлулық сайысы ұйымдастырылды

Жарыста түйелердің бас өлшемі, мойын ұзындығы және кірпіктерінің айқындылығы сарапқа салынады.

15 күндік ерекше сұлулық сайысына 25 мың түйе қатысуда. Шеру 2 жеке сайыстан тұрады. Біріне Біріккен Араб Әмірліктері мен Оманнан шыққан асыл тұқымды түйелер қатысады. Ал екіншісінде Сауд Арабиясынан шыққан қара жүнді жануарлар сынға түсіп жатыр. Сайысқа тігілетін сыйлық қоры 13,5 млн. АҚШ долларын құрап отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.