Бабақұмаров белгілі тұлғалар оқыған мектепті 95 жылдығымен құттықтады
Айта кетсек, қоғам қайраткері Қажымқан Мәсімов аталмыш мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған.
«Қажымқан Мәсімов мектептің мұқтаж оқушыларына, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға, ұжымға қолынан келгенше көмек көрсетті. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп, ауыр кезеңдерді басынан кешкен. Қажымқан Мәсімов отбасы, өзінің замандастары мен өмір сабақтары туралы сыр шертетін «Аманат» атты автобиографиялық кітапты жарыққа шығарды. Оның өмір жолы өскелең ұрпақ үшін үлгі деп ойлаймын», - деді әкімнің орынбасары.
Сондай-ақ Е.Бабақұмаров мектепті 95 жылдығымен құттықтады. Білім ордасы Күләш Байсейітова, Әбілхан Қастеев, Шара Жиенқұлова, Нұрғиса Тілендиев, Смағұл Елубай сынды түлектерімен танымал.
Мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Жанат Бекжановтың мәліметінше, биыл оқу мекемесінің табалдырығын алғаш рет 154 бала аттап отыр. Қазіргі таңда онда 1800-ден астам оқушы білім алуда.
«Аманат» - қоғам қайраткері Қажымқан Мәсімовтің естеліктері жанрында жазылған автобиографиялық еңбек. Автор кітаптың өзегі ретінде «Ата көрген оқ жонар» халық мақалын таңдаған.