БАБАЛАР СӨЗІ: «Әулиетас» аңызы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.
None
None

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

***

Көне заманда етегін кең жайған елде шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың жалғыз баласы болыпты. Тағы да нәресте көргісі келген бәйбіше жас болудың жолын іздейді. Сұрай-сұрай бір жерде қасиетті тау бар, сол таудың етегінде қасиетті тас бар, ол тастың өзі үш бөлек, сол жерге барған адам тілек тілесе, айтқанын орындайтын әулие бар дегенді естиді.

Шал мен кемпір баласы үшеуі сол жерді іздеп тауып, киіз үйлерін тігеді. Осы үйдегі бәйбішесі өзінің бақытын, яғни Аруатаға кездесу сәтін ойлап жүреді. Кешке қарай бәйбіше тау шыңына шығып, түнге қарай Ару-атаны тосады. Түн ортасында бір шу естіледі, бір нәрсе жарқ етеді, міне дәл осы кезде бәйбіше беті әжім-әжім шың қожасының тас орындыққа отырғанын көреді.

Ол өзінің зор дауысымен: «Саған не керек?»-дейді.

Сонда бәйбіше: «О, қасиетті қария! Менің жастығымды, әрі әдемілігімді қайтаршы!» - деген екен.

«Өз отыңа орал, айтқаның орындалады», - дейді ол.

Бәйбіше ұшып түрегеліп бір адым да жасап үлгермей, өзінің денесінің жеңілденіп сала бергенін байқайды. Сөйтіп, тастан-тасқа секіріп, тау шыңынан төмен түсіп, өзінің күйеуі мен ұлына жетеді. Бірақ қаусаған шалын менсінбей, жас әйел жаққан ошағынан безіне бастайды.

Не істерін білмеген шалы Баба-шашты Ару атаға аттанады. Ол қасиетті қартқа жолығып, өзінің бұрынғы бәйбішесін қайтаруын өтінеді. Сөйтіп үйіне келсе, бұрынғы үйінен безінген жас, ақылсыз әйелдің орнында отырған, бұрынғыдан да қартайып, еңкіш тартқан бәйбішесін көреді. Өзі де кәріленіп кетеді.

Әке-шешесінің үш күннің ішінде өте қартайып кеткендігін байқаған ұлы әулиеге өзі барып әке-шешесін бұрынғы қалпына, жасына келтіруін тілек етеді. Сөйтіп, әулие бұл адамдарды бұрынғы қалпына келтіріп, олар одан әрі бақытты өмірлерін бастаған екен дейді. Ал, әлгі әулие отыратын тасты халық «Әулиетас» атап кетеді.

Соңғы жаңалықтар