БАБАЛАР СӨЗІ: Айкүміс атауының шығуы туралы аңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.
None
None

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

*** АЙКҮМІС

Айкүмісті бірі бай қызы, бірі кедей қызы деп айтады. Айкүміс атының бұлай аталуының өзіндік себептері бар.

Айкүміс дүниеге келер алдында мал бағып жүрген әкесі далада от жағып отырады. Сол кезде айдың сәулесімен бір нәрсе жарқ ете түседі. Бұны көрген малшы «алтын тапқан екенмін ау», деп қуанышқа бөленеді. Бірақ жаңағы нәрсе сол мезетте ғайып болады. Сонда малшы «е, әйелім босанып, қыз бала тапқан екен» деген шешімге келеді. «Ендеше, оның атын Айкүміс қоямын», дейді. Ондағы ойы «қыз болса да, ел-жұртты таңқалдырған толған айдай сұлу, қараңғы түнде жол көрсеткен айдай жолбасшы, ақылды болсын және менің қызым күмістей сыңғырлаған күлкіден айрылмасын» дегені екен.

Бірақ жазмыш жолы қатал. Айкүміс сұлу әке-шешеден ерте айрылады. Жетім қызды бай тоқалдыққа алмақшы болады. Қыз болса: «бұл қорлықтан тек қана анам құтқарады», деп далада қалған анасының мәйітіне жол шегеді. Шаршап-шалдығып жеткенде жетім қыздың әл-дәрмені бір-екі ауыз сөз айтуға жетіпті. Сондағы айтқаны:

Алуан да-алуан жүйрік бар, Тұлпардан туған шұбар бар. Тыңдасаңыз айтайын Бір-екі ауыз сөзім бар. Шешекеме шығарған Базардан алған жез оймақ Шешекем еді гүлжайнақ (ақкөңіл). Қасыңа келіп зарлаған Өзіңнен туған бозтайлақ.

Міне, осыны ғана айтып, қыздың демі үзіліпті. Бұл жер сол қыздың айтпақ жұмбақ ойымен жұмбақ күйінде «Айкүміс» аталып қала беріпті.

Соңғы жаңалықтар