БАБАЛАР СӨЗІ: Байбақты Сырым батырдың әкесі Даттың есімі қалай қойылған?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланып отырады.

БАБАЛАР СӨЗІ: Байбақты Сырым батырдың әкесі Даттың есімі қалай қойылған?

***

Дат әкесі Шолан бір көршілестері Бұқара, Хиуа, Самарқанд барып тауар алып, сауда істеуге сапарлап шыққан екі адамға еріп о да шығады. Бірнеше күн жүргесін бір елсіз далаға түнеп, демалу үшін тамақ пісіруге қостарының алдынан жерошақ қазғанда, көп алтын шығыпты. Алтынды бөлісіп алып, түнгі ұйықтауға жатқасын екі жолдасы Шоланды өлтіріп, алтынды өздері алуға ұйғарып, ұйықтап жатқан жерінде аяқ-қолын байлап, Шоланды өлтіруге кіріскен. Өзін өлтіретініне көзі жеткесін: «Сендер мені өлтіресіңдер ғой, менің сендерден жалғыз ғана тілегім -сендер елге барғасын менің әйелім жүкті еді. Босанар, егер де ұл туса, атын Дат деп қойыңдар», деп арыз қылыпты. Шоланды өлтіріп, базарын базарлап, көп алтынмен байып, екі жолбазаршы елге келген. Бір күні Шоланның әйелі босанып, ұл бала туыпты. Баяғы екеуі: «Шолан марқұм қатты ауырып жатса да, өлер алдында бізге аманат етіп: «Дүниеге ұл бала келсе, атын «Дат» деп қоюды өтініп жан тәсілім болып еді», - деп, балаға Дат деп ат қойыпты.