БАБАЛАР СӨЗІ: Белгібай тауы атауы қайдан шықты?
«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.
***
БЕЛГІБАЙ ТАУЫ
Биік тауды ертеде батыр тұлғалы, палуан адам мекен етіпті-мыс. Белгібайдың өмірі барымташылықпен өткен екен. Ешкімге өзінің есесін жібермепті. Бір сапарында Белгібай сол маңайға аты шулы айғырды қолына түсіріп, таудағы үңгірге әкеп қамайды. Айғырды кім алғанын бірден білген ел, Белгібайға келіп:
- Малдың киесі жаман болады. Ол қасиетті мал, бостандыққа жібер, - дейді. Белгекең ел сөзіне құлақ аспайды.
Үңгірде қамаулы айғыр үңгір аузын жапқан тасты құлатып, мертігіп өледі. Айғырдың қасиеті атқан Белгібай алжып, өздігінен атқа мініп-түсе алмайтын халінде жаяу қой қуып жүрген кезінде Белгібай тауының етегінде көз жұмады. Таудың Белгібай аталуы, міне, осыдан екен. Бұл күнде біреу біліп, біреу білмейтін, біреу көріп, біреу көрмеген Белгібай бейітін сол жерден табасыздар.