БАБАЛАР СӨЗІ: Кірсіз-ай, Мінсіз - Құдай - Әлдебек би

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды. «Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланып отырады.

БАБАЛАР СӨЗІ: Кірсіз-ай, Мінсіз - Құдай - Әлдебек би

***

Сыздық төрені хан сайлайтын болғанда, Кіші жүзден Әлдебек би келмей, соны тосқан екен. Әлдебек келсе, бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр, сиықсыз адам екен. Сонда Сыздық төре басын көтермей екі қолы тас төбесінде жатқан бетімен: «Әлдебегің осы ма? Соқыр, ақсақ»,- депті. Сонда түрегеп тұрған бетімен ойланбастан шаруадан шыққан Әлдебек бидің Сыздық төреге айтқаны: - Көздің соқыр болмағы бас қырсығы, Аяқ ақсақ болмағы өз қырсығы, Төренің тәкаппар болмағы ел қырсығы. Сөз сөйлесін батпандай, Сүйектен сүңгіп өткендей. Төсекте жатып сөйлесін, Көт сүйегің өскендей. Кірсіз-ай, Мінсіз-Құдай, Сенің түбің сарт еді, Шешең қалмақ еді, Сонан туған сен бір сұмырай. Асыма, төре, асыма, Асынғаның осы ма? Асынғаның жетер басыңа, Менің сөзім сөз болар Ендігі қалған жасыңа, - деп таяқты жерге үш ұрып жүріп кетіпті. Сөйтіп, шаруалар Әлдебекті қолдап, Сыздық хан бола алмай қалыпты.