БАБАЛАР СӨЗІ: Құтты қоныс қалай «Баянауыл» атанды?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.
None
None

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

***

(І нұсқа)

Сонау ерте заманда осы төңіректі екі қауым ел мекен етіпті. Күндердің күнінде олар әрі құнарлы, әрі шұрайлы жерді көріп, «мен алам да, мен алам» десіп таласқа түседі. Оқиғаның арты дауға айналып, екі ел жауласа бастайды.

Сол елдің бірінде көптің құрметіне бөленген ақ жаулықты Ана өмір сүріпті. Ақылдылығын, даналығын сыйлаған ел жұрты оны Бай Ана деп атапты. Екі ауылдың игі жақсылары бас қосқан кезде Бай Ана келіп ұсыныс жасаған екен дейді:

-Бірлік бітімнен туындайды, дау мәмілеге келмесе, дамайға ұласады, жаяу жарыс жасаңдар, балуан күрес қылыңдар, жамбы тігіп атыңдар. Жер жеңгендікі!

Екі жақ осыған бәтуаласып, айтқанын орындаса да, тең түсе беріпті. Жаяу жарыс, балуан күрес, жамбы атудан бірін-бірі жеңе алмапты.

Көп күндер өтеді. Көпшілік қалжырап, шаршайды. Тағы да кеңес қылады. Ақыры, Бай Ананың алдына келіп:

-Уа, Бай Ана! Егіз жатқан екі ел едік. Жер дауының жетер шетін таппадық. Біздің байлам мынау. Осы жерге өзің қоныстан. Бұл сенің - Бай Ананың ауылы болсын, - депті. Сөйтіп, Бай Ана осы өлкеге орналасыпты. Содан бері көпшілік бұл жерді Бай Ана ауылы - «Баянауыл» деп атап кетіпті.

Соңғы жаңалықтар