БАБАЛАР СӨЗІ: Райымбек бұлағы қалай пайда болды?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.
None
None

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

***

Жоңғар шапқыншылығы тұсындағы Райымбек батырдың бір ісі ел есінде мәңгі сақталған. Ол өз сарбаздарымен қазақ жерін қалмақ жаулап алушыларынан қорғаған екен. Ауыр шайқастар өтіп жатыпты. Бірде дұшпандарды қуып келе жатып, Райымбек жасағы құмға шығып кетіпті. Оларды шөл қинайды.

Сөйтіп олар су іздей бастайды. Ұзақ іздепті, бірақ еш жерден су көзі көрінбейді. Жауынгерлер әлсірей түседі. Сонда Райымбек найзасын бар күшімен жерге шаншып жібереді. Қайта суырып алғанда, жерден шапшып су шығады.

Сол бұлақ Алматы облысының Қарақастек ауылында күні бүгінге дейін бар. Халық оны қасиетті бұлақ деп санайды да, құрметтеп «Райымбек бұлағы» деп атайды.

Соңғы жаңалықтар