БАБАЛАР СӨЗІ: Саржал мен Қосшоқы атауы қайдан шыққан?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды. «Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.
None
None

***

САРЖАЛ МЕН ҚОСШОҚЫ

Саржал мен Қосшоқы апалы-сіңілі болады. Анасыз жастайынан әкесінің қолында тәрбиеленеді екен. Бойжетіп, туған ұясынан ұшамын деген Саржалға әкесі қатты өкпелейді. Ол қыздарын ешкімге бергісі келмейді. Содан бір күні Саржалға апасы Қосшоқы көмектесіп, екеуі қашып бара жатқанда, әкесі көріп қойып, арттарынан үлкен тас лақтырып, «Тас боп қат», - дейді. Содан бері сол тас үлкен тауға айналыпты.

Соңғы жаңалықтар