БАБАЛАР СӨЗІ: Саржан қашқан жері атауының шығуы туралы аңыз
*** САРЖАН ҚАШҚАН
Саржан батыр Кенесарының жүз адамының басы болған. Кенесары қашып қырғыздың қолына түсіп, Наурызбай бастаған қазақтар қашып, оны орыстар қуып, олар осы жолдың түбіне келіп ұйықтап жатады. Кенесарының Саржан батыры келе жатыр деп Бодық естиді. (Ол кезде Саржан алпыс жаста, кәрі деп есептеледі екен.) Ол Саржанды мен көрейін деп қасына нөкер ертіп келе жатады. Саржан нөкерлері ұйықтап жатып, ат дүбірін естіп орыстар екен деп тұра қашады. Саржан: «Тоқтаңдар!» - деп нөкерлерін тоқтатыпты. - Бұлар орыстар емес, қазақтар, - дейді. - Оны қайдан білдіңіз? - дегенде, Саржан бір төбеден асқаннан кейін: - Мен барып біліп келейін. Олар орыстар болмаса керек еді, - деп кері қайтып бара жатса, төбенің басында таудай болып Бодық батыр тұр екен. - Сені батыр деп естіп сынамаққа келдім, жолымды бер, - деген екен. Сонда Саржан қасқайып тұра қалыпты. Бодық оның қамытын күл-парша етіп, уатып тастапты. Намыстанған Саржан жалғыз жебенің оғымен Бодықты атайын деп көздеп жатқанда, Бодық: - Сен мені өзіңе тигізе алмайды деп ойладың ба? Мен сені сынамаққа істедім. Өзің таудай болғанмен, ақылың жоқ екен. Батыр болсаң тұра қал, тағы бір атайын, -деген екен. Сонда Саржан: «Менен қателік кетті» деп кешірім сұрапты. Содан осы жер «Саржан қашқан» деп аталады.