БАБАЛАР СӨЗІ: Сырдария атауының сыры

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.
None
None

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

***

Ерте заманда үлкен дарияның жағасында көшпелі халық өмір сүріпті. Осы елді асқан айлакер бір хан басқарыпты. Оның әйелі керемет сұлу болыпты. Хан әйелімен ақылдаспай, ешбір шешім қабылдамайды екен.

Бір жолы хан шапқыншылардың шабуылын тойтарып, ұрыс кезінде жаудың біраз адамын қолға түсіріпті. Хан тұтқындарды дария жағасындағы ескі лашыққа қаматады.

Түнге қарай, таза ауада сейілдеп қайтуға шыққан хан әйелі нөкерлерімен сол маңнан өтіп бара жатқанда әңгіменің қызығына беріліп кеткен көрінеді. Қызды-қыздымен ханша өзінің көрші ауылдағы бір жас жігітті өте жақсы көретінін, таяуда сол жігітпен оңаша кездескенін айтып қояды.

Мұны естіген тұтқындар: «Сен ақылды әйелсің, оған еш дау жоқ. Бірақ ішкі сырыңды жұртқа жайып жібердің, бұл - сенің үлкен қателігің. Енді бізді босатпасаң, хан алдында сені әшкерелейміз!» - дейді.

Сол сәтте ханша: «Өз әйелін тәрбиелей алмаған ханды халық қалай құрметтесін» деп ойлап, тұтқындарды босатып жібереді.

Содан бастап әлгі дария «Сырдария» деп аталып кетіпті.

Соңғы жаңалықтар