БАБАЛАР СӨЗІ: Төлей тоғайы туралы аңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты.

БАБАЛАР СӨЗІ: Төлей тоғайы туралы аңыз

Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды. «Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

*** Осы жерлерде бір уақыттарда, шынында да, биік қараған ормандары өсіпті. Бүкіл айналаны байлығына сараңдығы сәйкес келген бай иемденіпті. Оның мыңдаған бас қой, түйелері мен қонды үйір-үйір жылқылары болыпты. Оның үлкен қазандарында күні-түні хош иісті ет қайнап жататын. Бұл астан байдың әйелдері, бала-шағасы мен малайлары ғана дәм тата алады екен. Байдың дүние-мүлкі жеткілікті еді. Тек ол жомарт жүрек пен қайырымдылықтан жұрдай, қызғаныштан үнемі жүрегі сыздап жүретін жан еді. Бірде қыстың орта кезінде сұрапыл боран соғып тұрғанда адасқан үш адам шаршап-шалдығып жүріп байдың үйіне тап болады. Жаурап, қатты жел өтіп тотыққан олар байдан көмек және пана сұрайды. Бірақ сараң бай малайларына қонақтарды аулақ қуып жіберуді тапсырады.

Әлсіреген, үміті үзілген жолаушылар бай ауылынан көп ұзамай, қинала-қинала көз жұмған. Оларға соңғы баспана болған шоқ қарағай еді. Қар тоқтап, долы жел бәсеңдегенде қоныстағы адамдарды үрей билейді. Шоқ қарағай өскен жер қатқақ жалаң құмға айналады. Үш биік құм төбе үш молаға ұқсайды. Шоқ қарағай тып-типыл болып, бұлақтар кеуіп қалады, бос қалған құдықтардың қабырғалары опырыла құлап, қарғыс атқан жерден тіршілік те жойылады.